Атырауда балабақша тәрбиешісі бүлдіршінді ұрған – видео

Атырау облыстық полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады
Sputnik
АЛМАТЫ, 18 тамыз – Sputnik. Атыраудағы балабақшада тәрбиеші кішкентай қызды ұрған, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Балабақша бейнекамерасына түсіп қалған оқиға әлеуметтік желіде тарады.
Тыныш отырған бүлдіршінді тәрбиеші соғып-жұлқылаған. Салдарынан бала кереуетке соғылып, басын жарақаттап алған. Баланың ата-анасы бейнекамераны аштырып, сұмдық жағдайды анықтаған.
"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Кешенді тергеу амалдары басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды", - дейді полиция.