АЛМАТЫ, 18 тамыз - Sputnik. Ресей Украинадан Курск облысындағы әскери операциясы үшін жауап алады. Мұндай пікірді АҚШ қарулы күштерінің отставкадағы офицері Дэниел Дэвис Daniel Davis / Deep Dive YouTube арнасының эфирінде айтты, деп хабарлайдыРИА Новости.
"Украина бұл операцияда ешқандай жетістікке жете алмайды. Егер Зеленский келіссөздер арқылы келісімге үзілді-кесілді қарсы екенін айтса, онда оның қандай нәтижеге жеткізгісі кеп тұрғаны белгісіз"- дейді офицер.
Оның айтуынша, Украинаның Курскіге операциясы ресейліктерді ашуландырды, сондықтан Киев Мәскеудің жауабын күтеді.
Украинаның қарулы күші 6 тамызда таңертең Курск облысындағы аумақты басып алу үшін шабуылға көшті, олардың басып алу әрекеті тоқтатылды, деді Ресей бас штабының бастығы Валерий Герасимов. Ол өңірдегі операция қарсы тарапты талқандаумен және мемлекеттік шекараға шығумен аяқталатынын айтты.
Ресей президенті Владимир Путин Киев режимі арандатушылық болғанын айтты. Ол қарсы тараптан лайықты жауап алатынын ескертті.