89 жасқа қараған шағында әйгілі француз актері Ален Делон өмірден өтті

Sputnik
АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. Француздың әлемге әйгілі актері Ален Делон 88 жасында қайтыс болды. Бұл туралы француз басылымдары жазып жатыр.
Франциялық бұқаралық ақпарат құралдары француз киносының аңызының нақты неден қайтыс болғанын хабарламады.
Француз театр және кино актері, режиссер және сценарист Ален Делон "Рокко и его братья" (1960), "На ярком солнце" (1960), "Самурай" (1967), "Двое в городе" (1973) фильмдеріндегі рөлдері үшін ең танымал актерлердің бірі болды.
Ален Делон "Наша история" фильмі үшін "Сезар" сыйлығының және Халықаралық Берлин кинофестивалінің құрметті сыйлығының иегеріатанды. 2019 жылғы Канн фестивалінде Делон киноға қосқан үлесі үшін құрметті ""Алтын пальма бұтағы" иегері болды.