Қостанай станциясының бастығы қызметінен босатылды

Қостанай магистральдық желі бөлімшесі директорының вокзал шаруашылығы жөніндегі орынбасары да қызметінен кетті
Sputnik
АСТАНА, 17 тамыз - Sputnik. Қостанай станциясының бастығы вокзал мен оған іргелес аумақтың жай-күйі қанағаттанарлық деңгейде болмағаны үшін қызметінен кетті, деп хабарлайды ҚТЖ баспасөз қызметі.
"Қостанай вокзалы мен оған іргелес аумақтың қанағаттанарлықсыз жай-күйі үшін Қостанай станциясының бастығы және Қостанай магистральдық желі бөлімшесі директорының вокзал шаруашылығы жөніндегі орынбасары лауазымынан босатылды", - делінген компания хабарламасында.
ҚТЖ-ның хабарлауынша, сондай-ақ Қостанай жүк тасымалдау бөлімшесінің директоры, Қостанай магистральдық желі бөлімшесінің директоры шаруашылықтарды тиісінше деңгейде ұстамағандары үшін тәртіптік жауапқа тартылды.
Аталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жою міндеті қойылды.
"Қолдан жасалған билет тапшылығы": Алматы вокзалының бастығы жұмысынан уақытша шеттетілді