АСТАНА, 17 тамыз - Sputnik. Қазақстандық әртістер Астраханьдағы "Каспий маусымы-2024" халықаралық классикалық өнер фестивалінде өнер көрсетеді.
Іс-шара 17 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында өтеді. Ол Каспий маңы мемлекеттері: Ресей, Қазақстан, Түркіменстан, Әзербайжан және Иран халықтарының мәдениеттерін біріктіреді. Биыл фестивальге Өзбекстан мен Беларусь қонақтары да қосылады.
Фестивальдің бірінші күні Астрахань Кремль алаңында сахнаның танымал жұлдыздары қатысатын үлкен концерт өтеді. Оған "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрының жетекші солисі Талғат Мұсабаев, "Астана Опера" театрының солистері Анастасия Заклинская мен Серік Нақыспеков, Гамбург мемлекеттік операсының солисі Довлет Нұргелдыев және тағы басқалар қатысады.
Сондай-ақ Михаил Голиковтың жетекшілігімен Каспий маңы мемлекеттерінің симфониялық оркестрінің орындауында орыс, иран, әзербайжан және қазақ авторларының шығармалары орындалады, деп хабарлады фестиваль ұйымдастырушылары.
Әр концерттік блоктың көркемдік дизайнында ертегі эпосына, табиғатқа және әртүрлі мәдениеттердің ұлттық қолөнеріне тән элементтер қолданылады.