АСТАНА, 16 тамыз – Sputnik. 2024 жылғы 20-22 тамыз аралығында Тәжікстанда Қазақстан Республикасының мәдениет күндері өтеді.
"2024 жылғы 20 тамызда Душанбе қаласындағы "Ватан" кинотеатрында қазақстандық кино күндерінің ашылуы өтеді", - деп жазылған Мәдениет министрлігі таратқан хабарламада.
22 тамыз күні сағат 19:00-де "Кохи Борбад" мемлекеттік кешенінде Қазақстан өнер шеберлерінің қатысуымен гала-концерт өтеді, оған Қазақстанның халық әртістері мен еңбек сіңірген қайраткерлері, сондай-ақ халықаралық конкурс лауреаттары қатысады.
Сонымен қатар гала-концерт басталмас бұрын "Кохи Борбад" мемлекеттік кешені фойесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің қорынан "Қазақ халқының қолданбалы-сәндік өнері" атты көрмесі ұсынылады. Көрменің негізін XVIII-XX ғасырлардағы қолданбалы өнердің бірегей заттары құрайды.