АСТАНА, 16 тамыз – Sputnik. Синоптиктер 17-19 тамызға ауа райы болжамын жариялады.
Қазгидрометтің мәліметінше алдағы күндері республиканың көп бөлігінде солтүстік-батыс циклоны әсерінен ауа райы құбылмалы болады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, екпінді жел тұрады, елдің солтүстік жартысында бұршақ жаууы мүмкін.
17 және 19 тамызда солтүстік-батыста, 18-19 тамызда солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады деп болжанып отыр.
Ауа температурасы республиканың батысында түнде +10 +20°С, күндіз +25+33°С дейін жоғарылайды.
Еліміздің солтүстік-батысында және солтүстігінде түнде +8+18°С, күндіз +15+23°С, орталықта түнде +8+18°С, күндіз +20+28°С, шығыста түнде +10 +18°С, күндіз +25+35°С-тан +18+28°С-қа дейін төмендейді, оңтүстікте түнде +18+23°С-тан +13+20°С-қа дейін төмендейді, күндіз +28+36°С, оңтүстік-шығыста түнде +20+25°С-тан +13+20°С-қа дейін, күндіз +28+37 °С-тан +23+30°С-қа дейін төмендейді.