Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері тағайындалды

Ол 2021-2022 жылдары Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметін атқарған
Sputnik
АСТАНА, 16 тамыз – Sputnik. Қайрат Сәтжанов бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы.

Қайрат Тұрсұнқанұлы Сәтжанов - 54 жаста, Қазақстан Республикасының бокстан еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт үздігі.
Бапкерлік еңбек өтілі - 34 жыл. 2021-2022 жылдары Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметін атқарған. 2024 жылдан Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері.
Сәтжановтың жетекшілігімен 2021 жылы Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында (Сербия) II командалық орын (2 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль) алды.
2022 жылы Азия чемпионатында (Иордания) ІІ командалық орын (3 алтын, 6 күміс, 3 қола) еншілеген.
2024 жылы Астанада өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан командасы I командалық орын (5 алтын, 1 күміс, 3 қола) алды.
Қайрат Сәтжанов жаттықтырушы ретінде 7 әлем чемпионын, 43 Азия чемпионын дайындаған.

Қазіргі уақытта жаңа жаттықтырушылар құрамы құрылып жатыр, оның ішінде: шетелдік жаттықтырушы маман, жалпы дене даярлығы бойынша жаттықтырушы, сондай-ақ ғылыми топ мамандары шақырылады.

Сонымен қатар бас бапкердің жеке шәкірті болмайды деген талап енгізілді.