АСТАНА, 15 тамыз - Sputnik. Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев олимпиада жүлдегерлерімен кездесуі керек болған.
Алайда, президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында президенттің Олимпиадаға қатысушылармен кездесуі бірнеше спортшыдан COVID-19 анықталуына байланысты кейінге қалдырылатыны туралы хабарлама жариялады.
Спортшылардың қайсысы коронавируспен ауырғаны туралы нақты айтылмаған.
"Кездесу тамыз айының соңында Ақордада өтеді", - деп атап өтті Уәли.
Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жарлығымен Париждегі ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарында жоғары спорттық жетістіктері үшін ұлттық құраманың спортшылары мен жаттықтырушыларын мемлекеттік наградалармен марапаттаған болатын.