АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. 3 қазанда Алматыдағы Ritz-Carlton қонақ үйінде Орталық Азиядағы қойма түріндегі жылжымайтын мүлік саласындағы басты оқиға болып табылатын 1st Central Asia Warehouse Summit / CAWS өтеді.
Іс-шараны индустриялық және жылжымайтын қойма мүлкі саласындағы Орталық Азиядағы кәсіби кеңесшілердің үздік бестігіне кіретін IBC Global консалтингтік компаниясы және жылжымайтын мүлік саласындағы ең ірі халықаралық кеңесшілердің бірі Colliers Kazakhstan ұйымдастырып отыр.
1st Central Asia Warehouse Summit/ CAWS
© Photo : IBC Global баспасөз қызметі ұсынған сурет
Шара "Атамекен" Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасы, "KAZAKH INVEST" Ұлттық компаниясы" АҚ, NielsenIQ Kazakhstan қолдауымен өтеді. Бас серіктес: MP Solutions, ресми серіктестер: Burunday Container Terminal, "Исткомтранс" ЖШС.
Іскерлік бағдарламаға DAS Family Office (Сингапур) инвестициялық портфельді дамыту бойынша серіктес және стратегиялық сарапшы, халықаралық инвестор Райнер Михаэль Прайсс және International Digital News медиа зерттеу агенттігінің негізін қалаушы Адриан Хенни қатысады.
CAWS – осы саладағы маңызды оқиға, оған Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан және Ресейден 300-ге жуық қатысушы жиналады.
CAWS
Шара барысында инвесторлар мен банк секторының өкілдері өңірдің коммерциялық жылжымайтын мүлік, сауда және логистика салаларын дамыту үшін инвестициялық тартымдылығын бағалайды. CAWS қонақтарына алдағы жылдарға арналған болжам мен макроэкономикалық деректер ұсынылады. Спикерлер аймақтың даму ерекшеліктері, нарық қатысушылары алдында тұрған негізгі міндеттер мен жаңа инвестициялық мүмкіндіктер туралы айтады.
Бүгінгі күні Golden Bridge, Wildberries, Еуразия даму банкі (ЕАДБ), Қырғыз Республикасының экономика және сауда министрлігі, Ресей поштасы, Sturgeon Capital, Ghelamco Group, Ресей экспорт орталығы, Radius Group, Focus Logistics, Apple City, Orient Logistics, Alkanov Group, Исткомтранс саммитке қатысатынын растады.
Толық ақпаратпен және қатысу шарттарымен іс-шараның сайтында танысуға болады.
Мақала коммерциялық материал болып табылады.