ЕЭК көлікті одан әрі цифрландыру мәселесін талқылады

Sputnik
АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. ЕЭК энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Қожошев пен "Цифрлық көлік дәуірі" қауымдастығының президенті Александр Семкин ЕАЭО елдеріндегі зияткерлік көлік жүйелерін дамытудың негізгі бағыттарын талқылады. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның сайты хабарлады.
Министр Көліктегі цифрландыру жөніндегі комиссияның жұмысы және ЕАЭО-да бірыңғай көлік кеңістігі мен қызмет көрсету нарығын құру үшін осы саланың маңыздылығы туралы айтты. Ол көліктердің тоқтап тұруын қысқарту, тасымалдау қауіпсіздігін арттыру және басқаруды автоматтандыру қажеттілігі компанияларды цифрлық технологияларды енгізуге итермелеп отырғанын мәлімдеді.
Александр Семкин ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа, оның ішінде ЕЭК қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға және зияткерлік көлік жүйелері саласында тәжірибе алмасуға қызығушылық білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар көлікті цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.
Келіссөздер осы саладағы цифрлық технологияларды дамытатын бірегей зертханасы бар Интеллектуалды көлік жүйелерінің құзырет орталығында өтті.
"Цифрлық көлік дәуірі" қауымдастығы ресейлік көлік индустриясының цифрлық трансформациясының жетекші қатысушыларын біріктіретіні және "Қауіпсіз сапалы жолдар" сияқты ұлттық жобаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ жаңа ақпараттық технологияларды және интеллектуалды көлік жүйелері саласындағы шешімдерді енгізуге белсенді қатысатыны айтылды.