Жыл басынан бері 293 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды

Оның 143 мыңнан астамы тұрақты жұмысқа орналасты
Sputnik
АЛМАТЫ, 14 тамыз – Sputnik. Жыл басынан бері жұмыс іздеген 393 мыңнан астам адамға көмек көрсетілді, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
293,5 мың адам жұмыспен қамтылды, оның 143,6 мыңы тұрақты жұмысқа орналасқан.
"Субсидияланатын жұмыс орындарына 149,6 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарында 13,5 мың адам, жастар практикасында 14,7 мың адам, қоғамдық жұмыстарда 97,8 мың адам, "Алғашқы жұмыс орны" жобасы аясында 6,7 мың адам, "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы аясында 258 адам, "Күміс жас" жобасы аясында 16,7 мың адам жұмыспен қамтылды", ,- деп жазды ведомство.
Сұранысқа ие кәсіпке 39,9 мың адам онлайн оқыды.
Қазақстанда 9 миллионнан астам адам жұмыс істейді