АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ресейдің Курск облысындағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады.
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров бүгінде бүкіл әлем Ресей Федерациясының Курск облысының кейбір аудандарындағы жағдайды үлкен алаңдаушылықпен бақылап отырғанын атап өтті.
"Қазақстан мемлекеттердің аумақтық тұтастығы қағидатын нақты белгілейтін БҰҰ Жарғысын барлық елге сақтау қажеттігін әрқашан айтып келеді. Осыған байланысты біз саяси-дипломатиялық құралдарды кеңінен пайдалану арқылы мемлекеттер арасындағы барлық қақтығысты тек бейбіт жолмен шешуді жақтаймыз", — деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі.
Айбек Смадияров сонымен бірге халықаралық қауымдастықтың өзара қолайлы шешімдерді конструктивті іздеуге бағытталған кез келген күш-жігерін құптайтынын айтты.