СҚО-да салымшыларды алдаған құрылыс фирмасының басшылары 6 жылға сотталды

Sputnik
АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. Петропавлда 48 салымшыны алдап, оларға 400 млн теңге сомасында шығын келтірген құрылыс фирмасының екі басшысына сот үкімі өзгеріссіз қалды.
Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының мәліметінше, облыстық сотта құрылыс компаниясының құрылтайшысы мен басшысы салымшыларды алдау бойынша жауап берді.
Сотталғандар өздерін жауапты құрылыс фирмасы ретінде көрсетіп, Петропавлда салынып жатқан көпқабатты үй салымшыларының ақшасын ұрлаған. Іс жүзінде олар ақшаны құрылысқа қатысы жоқ қажеттіліктерге жұмсаған.
Мемлекеттік айыптау алаяқтардың облыс орталығының 48 тұрғынын алдап, 400 млн теңгеден астам шығын келтірілгенін дәлелдеді, екі адамның 6 жылға нақты бас бостандығынан айырылуына қол жеткізді.
Апелляцияда облыс прокуратурасы алданған азаматтардың талаптарын қолдап, соттың қаулысымен олардың талаптарын қанағаттандыру арқылы мүдделері қорғалды.