ЕАЭО спорттық іс-шараларға арналған тауарларды тасымалдау тәртібін жеңілдетті

Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің шешімі күшіне енді
Sputnik
АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. ЕАЭО ресми халықаралық спорттық іс-шараларға әкелінетін тауарларды тасымалдау тәртібін жеңілдетті.
Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, енді ресми халықаралық спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге арналған спорттық құрал-жабдықтар және басқа да тауарлар арнайы кедендік рәсім бойынша орналастырылады.
Бұл шетелдік тауарларға да, ЕАЭО елдерінде өндірілген және үшінші елдерге экспортталатын тауарларға да қатысты, деп хабарлады ведомство.
Бұл шаралар бюрократиялық кедергілерді және тауарларды тіркеу, бақылау және сертификаттау ерекшеліктерін азайтуға мүмкіндік береді.
"Мысалы, команда мүшелерінің жеке тұтынуына арналған жануарлардан алынатын тауарларды әкелу үшін (таңбалары бар зауыттық қаптамада және салмағы 5 келіден аспайтын) әкелуге рұқсат пен ветеринариялық сертификат талап етілмейді", - деп түсіндірді Қазақстанның сауда министрлігі.
Ал егер спорттық іс-шаралар өтетін елде тауарлар тәркіленсе немесе бұғау салынса, онда арнайы кедендік рәсім күші тоқтатылады және мұндай тауарлар сол елдің заңнамасына сәйкес өңделеді.
Сонымен қатар ЕАЭО шешімі жеңілдетілген рәсімге жатпайтын тауарларды нақтылады. Бұл акцизделетін тауарлар, құрылыс және әрлеу материалдары, сондай-ақ әкелуге рұқсат алу қажетті тауарлар.
Ең бастысы бұл әкімшілік кедергілерді азайтып, спорттық шараларды ұйымдастырушылар мен қатысушылардың шығынын азайтады.