АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. Ресейде өтіп жатқан "Армия-2024" форумы аясында Беларусь әскери-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындары құны 100 миллион доллардан асатын келісімшарттарға қол қойды. Бұл туралы Беларусь мемлекеттік әскери өнеркәсіп комитетінің баспасөз қызметі Telegram-арнасында жазды, деп хабарлады РИА Новости.
"Беларусь қару жасау саласының мамандары қол қойған келісімшарттардың сомасы 100 миллион доллардан асады", - делінген комитет хабарламасында.
Бұл форум "Беларусь қорғаныс өнеркәсібі үшін іскерлік қарым-қатынас құру бойынша тиімді алаңға айналғаны" айтылды. Өйткені, қару-жарақ өнеркәсібі кәсіпорындарының басшылары 200-ден астам келіссөз, ал Беларусь делегациясының басшысы, мемлекеттік әскери өнеркәсіп комитетінің төрағасы Дмитрий Пантус 20-дан астам келіссөз жүргізді.
"Келіссөз процесі аясында келісімшарттар жасалды, ынтымақтастық байланыстары кеңейтілді, бірқатар бірлескен жоба жүзеге асырылды, келешегі зор ынтымақтастық орнату мақсатында іскерлік байланыстарға қол жетті", - делінген комитет хабарламасында.