АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. Ұшақтардың жиі кешігуіне байланысты Air Astana мен FlyArystan компанияларына жоспардан тыс тексеру жүргізілетін болды.
"Air Astana" АҚ мен "FlyArystan" АҚ-ның техникалық себептер бойынша рейстерді кешіктіру жағдайларының көбеюіне, сондай-ақ жолаушылардың құқықтарын сақтауға қатысты көптеген шағымдарға байланысты ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті ұшулардың тоқтатылуы, кешігуі және тиісті қызметтерді көрсетпеу себептерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация туралы заңнамасының талаптарын бұзуға байланысты басқа да жағдайларды анықтау үшін комиссия құрды", — деп жазды комитеттен.
Сонымен қатар, "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ бас директорының бұйрығымен "Air Astana" АҚ мен "FlyArystan" АҚ-на жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
Комиссия жұмысының және жоспардан тыс тексерудің нәтижелері қосымша хабарланады.