АСТАНА, 13 тамыз – Sputnik. Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова көкөніс бағасының маусымдық төмендеуі басталғанын айтты, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Бижанованың мәліметінше өткен аптада сәбіздің бағасы 1,1%-ға, картоп 0,6%-ға арзандады.
Сондай-ақ:
тауық жұмыртқасы - 0,5%,
күріш - 0,2%,
қант - 0,3%,
айран - 0,4%,
қарақұмық жармасы -0,2%,
бірінші сортты нан мен ұн - 0,1%, сиыр еті -0,1% арзандады.
Ал күнбағыс майының құны ұзақ уақыт төмендегеннен кейін 0,5%-ға, тұз 0,2%-ға, май бағасы 0,3%-ға өсті.
Нарықтық факторлардың ықпалына қарамастан, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ) бағасының өсуін нөлдік деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік туды.