АСТАНА, 13 тамыз – Sputnik. Алғашқылары қоныс тойларын атап өтуде.
"Сырым ауданында су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға арналған 114 үйдің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары тамыздың соңына дейін аяқталмақ. Оның 14-і аудан орталығы Жымпитыда аяқталып, отбасылар қоныстойларын атап өтуде. Құрылыс барысын gov.kz порталы арқылы онлайн бақылауға болады", — деп жазды Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінен.
ҚР ӨҚМ Ахуалдық орталығының мәліметінше, Батыс Қазақстан облысында 775 жеке тұрғын үйдің 80-і салынып бітті. Сонымен қатар, зардап шеккен отбасыларға екінші нарықтан 1098 үй сатып алынды, 1310 үйде жөндеу жұмыстары аяқталды.