АЛМАТЫ, 13 тамыз – Sputnik. "Балқаш Жылу" ЖШС директорының орынбасары мен бас бухгалтері сотталды, деп хабарлайды қаржылқ мониторинг агенттігі.
"Балқаш Жылу" ЖШС директорының бұрынғы орынбасары және кәсіпорынның бас бухгалтері бюджет қаражатын ұрлағаны үшін сотталды.
“Сотталған азаматтар 2020 жылғы маусым мен 2023 жылғы қаңтар аралығында Балқаш жылу-энергетика орталығы мен Балқаш қаласын жылумен жабдықтау желілерін жөндеуге және жұмысын үздіксіз қамтамасыз етуге арналған бюджет қаражатын жымқырған. Іс жүзінде қандай да бір азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалмаған жалған кәсіпорындардың шоттарына негізсіз аудару жолымен ұрлаған”, - дейді ведомство.
Жымқырылған қаражаттың жалпы сомасы 708 млн теңге. Ақшадан кіріс табу үшін жылжымайтын мүлікпен мәмілелер жасау арқылы заңдастырылған.
Кінәлі адамдарды сот 5,5 жыл және 5 жыл бас бостандығынан айырды. Сот үкімі заңды күшіне әлі енген жоқ.