Астанадан Ақтөбеге қатынайтын Тальго пойызының бағдары Оралға дейін ұзартылды

Пойыз күнара шамамен 350 жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді
Sputnik
АСТАНА, 13 тамыз – Sputnik. "Астана-Ақтөбе" Тальго пойызының маршруты Оралға дейін ұзартылды, деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.
Мұндай шешімге Орал қаласының тұрғындарынан көптеген өтініш түсуі себеп болды.
№81/82 пойыз 2024 жылдың 19 қыркүйегінен бастап күнара қатынайды.
"Билеттерді bilet.railways.kz сайтынан және "Жолаушылар тасымалы" АҚ билет кассаларынан алуға болады", - деп жазылған хабарламада.
Пойыз күнара шамамен 350 жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді.
Пойыз Астана, Қостанай, Ақтөбе және Орал сияқты ірі қалаларды қоса алғанда, 15 станцияда аялдайды.
Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі арқылы, сондай-ақ "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның ресми аккаунтынан алуға болады.
Күзде пойыз билеті 20 пайызға қымбаттайды