"Армия-2024": Сарапшы алтыншы буынға жататын жойғыш ұшақ қашан дайын болатынын айтты

Sputnik
АСТАНА, 13 тамыз – Sputnik. Ресейдің алтыншы буындағы жойғыш ұшқышпен басқарылатын және ұшқышсыз ұшақтардың симбиозы болады, деді журналистерге РФ Мемлекеттік авиациялық жүйелер ғылыми-зерттеу институтының (МАЖҒЗИ) бас директоры Сергей Хохлов, деп хабарлады РИА Новости.

"Бұл алтыншы буынға жататын жойғыш ұшақтар ұшқыш бар және ұшқышсыз ұшақтардың симбиозы болады. Бұл опциялық басқарылатын аппарат болады", - деді Хохлов "Армия-*2024" форумы аясында.

Ол бесінші буынның жойғыш ұшақтарын жасау тәжірибесіне сүйене отырып, мұндай техниканы әзірлеу кезеңі шамамен 20 жыл болуы мүмкін екенін айтты.
"Бұл жобаның да ауқымы үлкен болады", - деді Хохлов.
Армия форумы 12-14 тамыз аралығында "Патриот" конгресс-көрме орталығында өтті.
Фото
28 мың қару мен әскери техника: "Армия-2024" халықаралық әскери-техникалық форумы – фото