АСТАНА, 13 тамыз – Sputnik. Мұратбаев көшесі, 63 мекенжайындағы Parasat бизнес орталығының үшінші қабаты мен мансардасы сот шешімімен бұзылады.
Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, бұл құрылымдар рұқсатсыз салынған. Жоспардан тыс тексеруден кейін "Parasat Samex Co LTD" ЖШС иесіне заңсыз салынған құрылыстарды жою туралы ұйғарым берілді, алайда талап орындалмады.
Сот басқарманың талап-арызын қанағаттандырып, міндетті түрде сүру керек деп шешті. Меншік иесі сот орындаушыларының қатысуымен бұзуды бастады.
Заңсыз құрылысқа қарсы күрес аясында өткен жылдың басынан бері Алматыда "Мечта", KHAN, "Алма Гарден" және басқа да 44 заңсыз нысан бұзылды