АЛМАТЫ, 12 тамыз – Sputnik. Синоптиктер 13-15 тамызға ауа райы болжамын жасады.
Қазгидрометтің мәліметінше Қазақстанда ауа райын Солтүстік Атлантика циклоны қалыптастырады.
"Еліміздің көп бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнайды, қатты жел тұрады", - деп жазылған хабарламада.
13 тамызда солтүстік-батыста, солтүстікте, 14-16 тамызда батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте қатты жаңбыр жауады. Қазақстан бойынша жел күшейеді деп болжанып отыр.
Еліміздің оңтүстігі мен шығысында күндізгі уақытта +35+38°С қатты ыстық болады. Қазақстанның қалған аумағында сынап бағанасы +18+26°С-тан +22+33°С-қа дейін ауытқиды.