АЛМАТЫ, 12 шілде - Sputnik. "Қазсушар" филиалдары суару маусымында еліміздің шаруаларына 6,12 млрд текше метр су берді, деп хабарлайды су ресурстары және ирригация министрлігі.
Бүгінгі таңда дихандармен суармалы су беру туралы 23 886 келісімшарт жасалған.
"Еліміздің барлық аймағындағы шаруаларға тұрақты түрде су беріліп жатыр. Биыл суармалы судың жетіспеушілігі байқалмайды. Ауыл шаруашылығын тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін вегетация кезеңіне дейін де көп жұмыс атқарылды. Су дипломатиясы күшейтілді, осының арқасында еліміздің оңтүстігіндегі шаруалар қажетті су көлемін алды",- деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.
Вице-министрдің айтуынша, кейбір шаруа қожалықтары екінші мәрте өнім жинауға дайындалып жатыр.