АЛМАТЫ, 12 тамыз - Sputnik. Түркістан облысы Шардара су қоймасында демалушылар отырған үрлемелі матрацка су көлігі соғылды. Оқиғаға қатысты облыстық полиция департаменті түсініктеме берді.
Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тараған. Су көлігі демалушылар отырған үрлемелі матрацка соғылады, оқиға 8 тамызда болған.
"Су көлігінің жүргізушісі ұсталып, полицияға жеткізілді. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Су көлігі айыппұл тұрағына қойылды", - дейді ведомство.
Сондай-ақ демалушыларға су көлігін жалға берген адамдарды жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдануда, дейді полиция.