АСТАНА, 12 тамыз – Sputnik. Бокстан Олимпиаданың қола жүлдегері Назым Қызайбай елге оралды.
Назымды Алматы әуежайында отбасы, достары, спортшылар мен чемпионның жанкүйерлері күтіп алды.
Онымен бірге жеке бапкері Толқынжан Кәмеков те оралды.
Естеріңізге сала кетейік, Назым Қызайбай 50 келі салмақта Олимпиаданың жартылай финалына өткен болатын. Бұл кезеңде әлем чемпионы қытайлық Ю Вудан жеңілді.