АЛМАТЫ, 12 шілде - Sputnik. Алмалы ауданының прокуратурасы "Алматыэлектротранс" жауапкершілігі шектеулі серіктестікттен мемлекеттік сатып алу туралы заңды бұзу фактісін анықтады.
"Серіктестік міндетті сақтандыру шартын электрондық мемлекеттік сатып алу порталын айналып өту арқылы және қағаз түрінде заңсыз жасаған. Прокуратураның қолданған шараларымен міндетті сақтандыру шарты сот тәртібімен бұзылып, 250 млн теңге бюджет қаражаты мемлекет кірісіне қайтарылды. Кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапқа тартылды", — делінген хабарламада.
Еске салайық 1 шілдеде Мемлекет басшысы "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңға қол қойды.