Мәскеудегі қазақстандықтар Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Sputnik
АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. Қазақстанда қазақтың ұлы философы, ақыны және композиторы Абай Құнанбаевтың туғанына 179 жыл толады.
Мәскеудегі қазақ диаспорасының өкілдері Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің қолдауымен естелік іс-шара ұйымдастырды. Дәстүр бойынша бұл күні елшілік дипломаттары, жергілікті жоғары оқу орындарының студенттері мен түлектері, сондай-ақ Мәскеудегі қазақстандық отандастар Чистые пруды бульварындағы Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Іс-шараға қатысушылар қазақ ақынының әйгілі "Көзімнің қарасы" әнін орындады. Сонымен қатар, домбырада күйлер, Абайдың қазақ тіліне аударылған Пушкиннің өлеңдері шырқалды.
Абай күні ҚР Үкіметінің қаулысымен 2020 жылы белгіленді. Абай ескерткіші 2006 жылдың 4 сәуірінде ашылды.