АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. Елордада LRT құрылысына байланысты Керей-Жәнібек хандар көшесінде учаске жабылды, деп хабарлады "City Transportation Systems" компаниясы.
"11 тамызда сағат 8:00-ден 14:00-ге дейін LRT металл конструкцияларын бөлшектеу бойынша жұмыстарды орындауға байланысты Керей-Жәнібек хандар көшесінің Қабанбай батыр даңғылынан Сауран көшесіне дейінгі аралығында қозғалысқа толық шектеу енгізіледі", - делінген хабарламада.
Осыған байланысты №52 бағдардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді.
Компания өкілдері елорда қонақтары мен тұрғындарынан сапарды алдын ала жоспарлауды және Алматы мен Орынбор балама көшелерін пайдалануды сұрайды.
Компания өкілдері елорда қонақтары мен тұрғындарынан сапарды алдын ала жоспарлауды және Алматы мен Орынбор балама көшелерін пайдалануды сұрайды.