Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

АҚШ-та Курск облысына жасалған шабуылдың салдарына қатысты пікір айтылды

Sputnik
АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. АҚШ Қарулы күштерінің отставкадағы офицері Дэниел Дэвис Украинаның Курск облысына жасалған шабуылына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
Офицердің ойынша, Украина қарулы күштерінің шабуылы осы қақтығысты өзгерте алмайды, керісінше, өздері үшін салдары ауыр болуы мүмкін.
"Бәріміз бір нәрсені түсінуіміз керек, Украина қарулы күштерінің Курск облысындағы іс-қимылы болмай қалмайтын нәрсені шегеруі мүмкін, бірақ жағдайды өзгерте алмайды. Енді Украина бір қателік жіберіп қойса, ал Ресей батыл қадамдарға барған жағдайда украиндардың жасаған шабуылы олардың қазасын жылдамдатуы ықтимал", — деп жазды Дэвис әлеуметтік желідегі парқшасында.
Айта кетері, 6 тамыз күні Украина қарулы күштері Курск облысына кіріп, Суджанск ауданын басып алуға тырысты. Ресейдің бас штабының бастығы Валерий Герасимовтың айтуынша, әскерилер шабуылды тоқтатты. Ал "әскери операция жауды талқандаумен және мемлекеттік шекараға шығумен аяқталады".