12 жастағы қызды ұшаққа мінгізбеді – FlyArystan анасына 4 млн теңге ұсынды

Sputnik
АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. FlyArystan компаниясы ұшаққа мінбей қалған жасөспірімнің анасына 4 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Lada.kz порталына сілтеме жасап.
Бұл оқиға Астанада болған. Екі егіз қыз басқа балалармен бірге Орал қаласына ұшпақшы болған. FlyArystan ұшақтарды ауыстырды. Сол кезде 12 жастағы бір қызға орын жетпей қалған.
Жасөспірім үш сағат бойы тіркейтін жерде жылап отырды. Әуе компаниясы ата-анасынан кешірім сұраған. Ал азаматтық авиация комитеті әкімшілік жаза қолданатынын мәлімдеді. Ал анасы сотқа арызданамын деді.
Жасөспірімнің анасы әлеуметтік желіде FlyArystan-нан келген хатты жариялады. Онда компания 4 миллион теңгені моральдық өтемақы ретінде ұсынып отырғаны мәлім болды. Басшылық жеке-дара кездесуге де тырысты. Бірақ жәбірленуші ол ұсыныстан да бас тартып, сотта кездесеміз деп жауап берген.
FlyArystan басшысы 12 жасар қыздың анасы Жазира Мусинамен Оралда кездесті. Бүгін FlyArystan әуекомпаниясының басшысы Ричард Леджер 21 шілдеде "Астана-Орал" рейсіне жіберілмеген 12 жасар қыз Зере Галиеваның анасымен кездесу үшін арнайы Орал қаласына ұшып келді.
Тараптар болған жағдайдың себептерін егжей-тегжейлі талқылады. FlyArystan әуекомпаниясының ресми өкілі қыздың отбасынан кешірім сұрады. Кездесуде Көлік министрлігінің қызметкерлері де болды. Әуекомпания кездесу нәтижесімен және қабылдаған шешімдерімен алдағы уақытта бөліседі.