АСТАНА, 10 тамыз - Sputnik. Ресейдің сыртқы істер министрлігі Мария Захарованың тараған видеосын жалған деп атады. Ведомствоның ресми өкілі видеода украин әскері Курск аймағынан өз еркімен кетсе, Ресей Запорожье АЭС-ті Украинаға беруге дайын екенін айтқан. Бірақ ресейлік министрліктегілер бұл видео жасанды интеллект арқылы құрастырылған деп мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.
"Украинаның арнайы қызметтері батыстық одақтастарының көмегімен еліміздің шекаралас аймақтарындағы жағдай туралы жалған ақпарат тарату үшін жасанды интеллектке негізделген жалған ақпарат таратуды белсенді түрде пайдалануды жалғастырып жатыр", - делінген ведомствоның түсініктемесінде.
Министрліктегілер бұл видеоны 18 шілдеде Захарованың брифингінің бейнежазбасы негізінде құрастырылғанын айтты.
"Мария Захарова ешқашан мұндай сөздерді айтпаған. Ресми өкілдің ресми мәлімдемелерін оның Telegram-арнасынан және РФ СІМ ресми парақшаларынан көре аласыздар", - деп хабарлады СІМ ресми өзінің сайтында.