Жапония премьер-министрі Қазақстанға келмейді

Sputnik
АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. Жапония премьер-министрі Фумио Кисида Астанаға ресми сапары кейінге қалдырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Осы елдің Қазақстандағы елшілігі Кисиданың келмейтінін растады. Себебі Жапонияда қатты жер сілкінісінің қаупі бар. Хонсю аралының оңтүстік-шығысында жер қыртысы екіге жарылды. Ғалымдар үлкен жер сілкінісі болады деп алаңадап отыр.
Фумио Кисида Орталық Азияны аралап шығуды жоспарлаған. Бүгін ол Астанадағы "Орталық Азия-Жапония" саммитіне қатысуы керек болған. Ал ертең, 10 тамызда Тоқаевпен келіссөздер өткізеді деп хабарланған.
Айта кетері, Хонсю аралында 8 балдық жер сілкінісі 100-200 жылда бір рет болып тұрады. Ғалымдардың болжамына сәйкес, алдағы 30 жылдың ішінде 8-9 балдық жер сілкінісінің болуы мүмкін.
Оның ықтималдылығы 70-80 процентті құрайды. Ондай жер сілкінісі болса, Жапонияның біраз бөлігі зардап шегеді. Ал шығыс жағалауында биіктігі 30 метрден асатын цунами көтеріледі.