АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. Қостанай облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері Рудный қаласында бопсалаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.
Жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында Рудный қаласының екі тұрғынына күш қолданып, моральдық қысым көрсеткен адамдар тобы автокөліктер, мотоцикл, қарда жүретін көлік, сондай-ақ iPhone 15 маркалы 5 телефон және ақша қаражатын бопсалағаны туралы ақпарат алынды.
Осылайша олар жалпы сомасы 12 млн теңгеге материалдық шығын келтірді.
Тінту барысында олардан: пышақтар, сигналдық тапанша, оқу гранатасы, автокөлік, ақша қаражаты және қылмыстық іс бойынша басқа да заттай дәлелдемелер алынды.
Тінту барысында олардан: пышақтар, сигналдық тапанша, оқу гранатасы, автокөлік, ақша қаражаты және қылмыстық іс бойынша басқа да заттай дәлелдемелер алынды.
Тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жария етілмейді. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.