Қазақстан "Солтүстік-Оңтүстік" дәлізі арқылы жүк тасымалдауға жеңілдік жариялады

Қытай мен Ресей арасындағы теміржол тасымалы көлемін кеңейту үшін Қазақстан Қытаймен бірлесіп Мәскеу облысында логистикалық хаб салуды жоспарлап отыр
Sputnik
АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. Қазақстан "Солтүстік-Оңтүстік" дәлізі арқылы жүктің барлық түрін тасымалдауға 50%-ға дейін жеңілдік жариялады. Бұл туралы Еуразиялық даму банкінің "Еуразиядағы инфрақұрылым" шолуында айтылған.
Ақтауда өткен форумда республика Ресей, Түрікменстан және Иранмен дәліздің шығыс тармағын дамыту бойынша жол картасына қол қойды.
Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин ЕАЭО үшін басым жобалар аясында Қазақстан Ресеймен бірлесіп инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыратынын айтты.
Қазақстандағы басқа да іс-шаралар қатарында ЕАДБ шолуында Қазақстанда Ресей салатын үш нысанның бірі болып табылатын Көкшетау қаласындағы ЖЭО құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеудің аяқталуын атады.
Сондай-ақ банк Қытай мен Ресей арасындағы теміржол тасымалы көлемін кеңейту үшін Қазақстан Қытаймен бірлесіп Мәскеу облысында логистикалық хаб салуды жоспарлап отырғанын еске салды.
Сондай-ақ банктің шолуында Қазақстанның бірінші жартыжылдықта уран өндірісін 6%-ға арттырғаны көрсетілген.