АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. Астанада Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VІ Консультативтік кездесуі басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бес елдің президенттері Ақордада жиналды. Осы жолғы кездесудің форматы - "Орталық Азия + Жапония". Бірақ Жапония премьер-министрі Фумио Кисида жер сілкінісінің қаупіне байланысты Астанаға ресми сапарын кейінге қалдырды.
Ақордадағы жиынға Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Қырғызстанның басышылары қатысып жатыр. Ал Шавкат Мирзиеев Астанаға екі күн бұрын мемлекеттік сапармен келді.
Айта кетері, Орталық Азия елдері басшыларының саммиті ресми "Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VІ Консультативтік кездесуі" деп аталады. Осы шара жыл сайын ұйымдастырылады. Бұған дейін кездесу былтыр Душанбеде өткен.