Астанада Абайдың алып цифрлық портретін көруге болады

Sputnik
АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. Астанада Абайдың алып цифрлық анимациясы орнатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Нұра ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Абайдың алып цифрлық портреті
65 метрлік портретті шолу дөңгелегінен кешкі уақытта көруге болады. Оны 53 мың пиксельден астам жаңа LED жарықтандыру негізінде жасады.
Анимация кезінде қазақтың ұлттық ою-өрнектері де шығып тұрады.
Абайдың алып цифрлық портреті
"Нұра ауданы әкімдігі мен Ailand отбасылық демалыс орталығы ұйымдастырған іс-шара 10 тамызда аталып өтетін Абай күніне орайластырылды. Портрет пен анимация 16 тамызға дейін көрсетіледі", - дейді әкімдік мамандары.
Абайдың алып цифрлық портреті
Айта кетері, ұлы ақынның туған күні 2020 жылы мерекелік даталар тізіміне енгізілді. Содан бері Абай күні болып аталып өтеді. Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 179 жыл толып отыр.