Абай күні: зиялылар ұлы ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Sputnik
АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. Алматыда Республика Сарайының алдында қазақтың ұлы ойшылы және ақыны Абай Құнанбаевтың 179 жылдығына арналған ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Бұдан кейін "Адамзаттың Абайы" атты жыр мүшәйрасы өтіп, Абай Құнанбаевтың ең танымал әрі қазақстандықтар сүйіп оқитын шығармаларынан үзінділер оқылды, кітаптар мен этноөнімдерді сату көрмесі ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, Абайдың туған күніне орай "Алатау" дәстүрлі өнер театрында "Абай әлемі" концерт-спектаклі өтеді. Қаланың білім беру орталықтары мен кітапханаларында Абай өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп оқу байқаулары өтіп жатыр.
Жалпы, Алматыда 7-10 тамыз аралығында 20-дан астам іс-шара өткізіледі.