Тоқаев пен Мирзиёев бірқатар нысанның ашылу салтанатына қатысты

Sputnik
АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. Ақордада бейнебайланыс режимінде Қазақстан мен Өзбекстан президенттерінің қатысуымен Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Шыршық қаласындағы филиалының, сондай-ақ "Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты" Ұлттық зерттеу университетінің Алматы қаласындағы филиалының ресми ашылу салтанаты өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Мемлекеттер басшыларына жаңа филиалдардың қызметі туралы бейнеролик көрсетілді.

Шара барысында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Өзбекстанның Білім министрі Конгратбай Шарипов екі елдің ғылым-білім саласындағы ынтымақтастығы жөнінде баяндама жасады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев университеттер филиалдарын ашуға рұқсат берді.