Семейдегі қоғамдық тыңдаулар: Қазақстанда АЭС салу технологиялары қауіпсіз

Сонымен қатар, атом электр станцияларында радиациялық фон жоқ, ал атмосфераға CO2 шығарындылары жылу электр станцияларымен салыстырғанда өте аз
Sputnik
АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. Бүгін Семейде Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу жоспары бойынша қоғамдық талқылау өтті, деп хабарлайды энергетика министрлігі.
Облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, жергілікті атқарушы органдар мен қоғамдық кеңестердің, табиғатты қорғау ұйымдарының өкілдері, энергетика саласының жетекші мамандары, ғалымдар мен облыс орталығының тұрғындары қатысып, атом электр станциясының құрылысына қатысты өз пікірлерін білдірді.
Сарапшы ретінде энергетика министрлігі, "Қазақстан атом электр станциялары" ЖШС, Ұлттық ядролық орталық және Ядролық физика институтының өкілдері шақырылды.
Спикерлер Қазақстандағы атом энергетикасын дамытудың жоспарлары мен келешегі, сондай-ақ атом электр станциясы құрылысының қауіпсіздігі, экологиялық тазалығы және экономикалық тиімділігі мәселелеріне тоқталды.
Қала тұрғындарының негізгі сауалдарының атом электр стансасының ықтимал құрылысын қаржыландыру мәселесіне қатысты болды. Сонымен қатар, облыс тұрғындарын мына мәселелер қызықтырды:
атом электр станцияларының ағынды суларын утилизациялау процесі,
қалдықтарды көму,
атом электр станциясына қызмет көрсету үшін қажетті білікті мамандардың болуы.
"Бұл сұрақтарға мамандар жан-жақты жауап берді. Атап айтқанда, құрылыс шығындары мәселесі бойынша, АЭС құрылысының қомақты шығындары оны пайдаланудың төмен құнымен және электр станциясының ұзақ қызмет ету мерзімімен үйлесетіні айтылды. Атом электр станцияларынан алынатын электр энергиясының құны елге байланысты бір кВт/сағ 2-ден 12 центке дейін жетеді", - делінген хабарламада.
Сарапшылар атом электр станцияларын салу үшін қарастырылып жатқан технологиялар қауіпсіз екенін, өйткені III және III+ буын реакторларын пайдалану жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Реактордың бұл түрі қауіпсіздіктің барлық талаптарына жауап береді және экологиялық көрсеткіштері жақсы. Бұл атом электр станцияларында радиациялық фон жоқ, ал атмосфераға CO2 шығарындылары жылу электр станцияларымен салыстырғанда өте аз дегенді білдіреді.