Парижде Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы қайтыс болды

Sputnik
АЛМАТЫ, 8 шілде – Sputnik. Парижде Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллин қайтыс болды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.
Министрліктің айтуынша, Ерден Хайруллиннің жүрегі тоқтап қалған.
"Алдын ала мәлімет бойынша Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллиннің жүрегі тоқтап қалған", - дейді ведомство.
Қалалық әкімдік те басқарма басшысының қайтыс болғанын растап отыр. Бірақ олардың айтуынша, Ерден Хайруллин турист ретінде емес, Парижге іс-сапармен барған.
"Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы Хайруллин Ерден Рашидовичтің кенеттен қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Парижде Хайруллин іс-сапарда болды", - деп хабарлады Алматы қалалық әкімдігі.
Ерден Хайруллин 2022 жылы мамырдан бері осы қызметті атқарып келген.
2019 жылдан 2022 жылға дейін Алматыдағы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары болды.