Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Харьков ауылдарын қайтарып алуға Украина әскерінің күші жетпейді – аймақ басшысы

Sputnik
АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. Купянск бағытында Ресей қарулы күштері өз күшін сақтап отыр, Украина қарулы күштерінің азат етілген ауылдарды қайтарып алуға күші жетпейді, деп мәлімдеді Харьков облысының Ресей әкімшілігінің басшысы Виталий Ганчев Бірінші арна эфирінде, деп хабарлады РИА Новости.
"Бұған дейін азат етілген ауылдарды қазір Ресей қарулы күштері ұстап тұр. Украина жағының бұл ауылдарды қайтарып алуға іс жүзінде күші жоқ. Купянск-Сватово жолының бір бөлігі де ресейлік армия бақылауында", - деді Ганчев.
Ол Ресей әскері Украина қарулы күштерінің Харьков облысының солтүстігінде қандай да бір ілегрілеуіне мүмкіндік бермей отырғанын айтты.
Сонымен қатар, Ганчев қарсы тараптың жағындағы жалдамалы әсерилер туралы да пікір білдірді.
"Біздегі ақпарат бойынша, соңғы бір айда көптеген жалдамалы жауынгер пайда болды. Біздің тұрғындар батыстың тіліндегі, негізінен француз тіліндегі сөздерді естиді. Бұл ең алдымен үлкен шығындармен байланысты және олар мобилизация арқылы бұл шығындарды толтыра алмайды", - деді Ганчев.