АЛМАТЫ, 8 тамыз - Sputnik. Армения Үкіметі ЕАЭО елдерінің метеорология саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімге қол қоюды мақұлдады, деп хабарлайды РИА Новости.
"Ауа-райын болжау және метеорология қызметтері секторы бойынша әкімшілік ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы ұсынысты мақұлдау". Армения Республикасының қоршаған орта министріне халықаралық шарт жасасуды ұйымдастыру тапсырылсын", - делінген Үкімет қаулысында.
Бұған дейін Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтында құжат бірыңғай нарық режимінде метеорологиялық қызметтер саласында ЕАЭО елдерінің реттеушілері арасында тиімді ақпараттық алмасуды қамтамасыз ету үшін әзірленгені айтылған болатын. Келісімде ЕАЭО елдерінің ресми сайттарында еркін қолжетімділік қамтамасыз етілетін ақпараттың тізбесі айқындалған.
Мұндай тізбеге ауа райы болжамы және метеорология саласындағы қызмет мәселелерін қозғайтын мүше мемлекеттердің қолданыстағы нормативтік құқықтық актілері туралы, сондай-ақ метеорологиялық қызметтердің бірыңғай нарығына қатысушылар туралы мәліметтер кіреді. Келісім реттеушілер деректермен жедел алмасуға мүмкіндік алады. Олар, атап айтқанда, басқа елдердің құзыретті органдарынан қажетті мәліметтерді, оның ішінде берілген рұқсаттар туралы, метеорологиялық қызметтер нарығына қатысушылар туралы сұрата алады және ала алады, деп хабарлады ЕЭК.