Тоқаев Шавкат Мирзиёевті әуежайдан қарсы алды

Sputnik
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті елорда әуежайында қарсы алды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мәртебелі қонақты салтанатпен қарсы алу үшін әуежайда Құрмет қарауылы ротасы сап түзеп тұрды.
Сапар аясында жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.
Орталық Азияның ықпалды мемлекеттері қатарында Қазақстан мен Өзбекстанның аты жиі айтылады. Қос ел саяси сабақтастықтан бөлек, сауда-экономикалық серіктестікті басты басым бағытқа айналдырып үлгерді.
7-8 тамыз күндері түстіктегі көрші ел басшысы Шавкат Мирзиёев Қазақстанға ресми сапары өтеді. Бұл мемлекеттік сапарда көптеген маңызды келісімдерге қадам жасалуы мүмкін.