АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Қызылорда облысында жедел жәрдем жүргізушісі масаң күйде көлік жүргізгені үшін 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы Арал ауданында жедел жәрдем жүргізушісі 15 тәулікке қамалып, жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.
Масаң күйде көлік басқару фактісі Самара – Шымкент тасжолында "Қауіпсіз жол" жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде анықталды.
Құжат тексеру барысында өзін біртүрлі ұстаған жүргізушінің әрекеті полицейлерге күдік тудырған. Медициналық куәландыру оның масаң күйде болғанын көрсетті.
Айта кетері, өңірде 6-8 тамыз аралығында"Қауіпсіз жол" жедел алдын алу шарасы өткізіліп жатыр.