Оралда көпірді жөндеу кезінде жұмысшы көз жұмды

Марқұм көпірден абайсызда суға құлап кеткен
Sputnik
АЛМАТЫ, 7 шілде – Sputnik. Батыс Қазақстан облысының Октябрьское ауылында қираған көпірді жөндеуге келген жұмысшы қайтыс болды, деп хабарлады "Мой город" порталы.
Оқиға 6 шілдеде болған. Көктемгі су тасқыны кезінде Шаған өзені арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірі қирап қалған. Оны жөндеу кезінде қаладағы кәсіпорындардың бірінің 47 жастағы жұмысшы суға құлап кетіп, қайтыс болды.
"Шаған өзені арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары кезінде жұмысшы көпірден абайсызда суға құлап кетті. 47 жастағы ер адамды құтқару мүмкін болмады. Марқұмның мәйіті судан шығарылды. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр", - дейді облыстық полиция департаменті.
Еске сала кетейік, көктемде бұл көпірде мұз кептеліп, салдарынан көпір қираған. Ауыл тұрғындары жергілікті билікке көпірді жасап беруді өтініп, бірнеше рет шағымданған. Өйткені қалада жұмыс ітейтін тұрғындарға айтарлықтай зияны тиген.