АЛМАТЫ, 7 тамыз - Sputnik. Париждегі олимпиадаға барған триатлоншы Екатерина Шабалина жарыс кезінде қандай қиындықтарға тап болғанын айтып, болашақ жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Олимпиада кез келген спортшының арманы. Әсіресе, әлем алдында көк байрақты желбіретіп жүру, жүздеген мыңның тек біріне ғана бұйырған бақыт. Екатерина Шабалина бұл тарихи жолдың өзі үшін оңай соқпағанын айтады.
"Бұл менің спорттық өмірімдегі үлкен арманым еді. Өмірімнің осы кезеңіне бар жүрегіммен қадам бастым. Әрине еш оңайға соқпады. Біздің спорт түрінде іріктеу рейтингтің баға есебінен екі жыл бойы жүреді. 12 рет үздік жарыс көрсетуің керек. Бұл өте ауыр жүйе, сондай-ақ өте әділ. Бұл спорт түрінде тұрақты түрде өте жоғары көрсеткіш көрсетуің керек. Олимпиада ойындарына іліну үшін мен үш континентальды кубок, бірнеше рет бірінші орындар алуым керек болды, әр жылдары Азия чемпионатының күміс жүлдегері болуым керек болды", - дейді Екатерина Шабалина.
Олимпиадаға бару - бір ерлік, ал финалға шығу - мың ерлік.
"Олимпиада ойындарында финалға әлемнің ең мықты деген 55 спортшысы өтеді. Менің 25 пен 35-ші орында тұрақтадым", - дейді спортшы қыз.
Парижде жауған толассыз жауыннан өзен ластанып, олимпиада қатысушыларын әбігерге салған.
"Ақпарат өте шектеулі болды. Су өте лас дегеннен басқа нақты ақпарат болмады. Бізге жаттығу жасау үшін жүзудің барлығына шектеу қойылды. Сәл де болсын дайындалуға еш мүмкіндік болмады. Бір жыл бұрын дәл осы орында тесттік жарыс болды. Бірақ ол кезде жағдай өте басқаша еді, өзеннің ағысы, ауа райы бұлай болмаған. Былтырғы алған тәжірибеміз биыл керісінше кедергі болды. Су туралы әлеуметтік желідегі ақпараттар әртүрлі болды. Мен қайталап айтамын, олипиадаға қатысқан 4 спортшы да жарыстан кейінгі менің күйімді кешіп, денсаулықтары нашарлады", - дейді триатлоншы.
Париждегі олипиада ауылы спортшыларға ерекше әсер қалдырған.
"Ал ауылдағы атмосфера өте керемет болды, әртүрлі елден келген көптеген спортшылар, жаңа таныстық, барлығы әсерлі. Картон столдар мен картон төсектер болды, біртүрлі көрінгені рас, бірақ мен оған еш мән бермедім. Ал тамақтандыру жағынан қандай да бір уәж айта алмаймын, өзіме ұнады", - дейді Шабалина.
Екатерина енді физикалық тұрғыдан өзін әбден дамытуым керек дейді.
"Болашақта жоспарым біртіндеп денсаулығымды түзеп, өзімді физикалық тұрғыдан дамтысам деймін. Мен бұдан да жақсы жетістіктерге жететініме сенімдімін. Дәл қазіргі жағдайда емес, бірақ қалпыма келемін. Келесі жарыс екі жылдан кейін болады. Мен оған дейін барынша дайын болуым керек", - дейді ол.
Тритлоншы қыз өзін қолдап жылы лебіз білдіргендерге алғысы шексіз екенін айтты.
"Мен қолдағандардың барлығына өте ризамын, бұл мен үшін дәл қазір өте маңызды. Мені қолдап жазылған тілектер, әндерге көп рахмет. Жазылған әрбір жылы сөз маған қанат бітіреді. Бұл жолы олимпиада ойындарында 16 жылда бірінші рет мен туымызды қайтып алып келдім. Келесі жарыста финалға шығуға бар күш-жігерімді салып, медаль әкелуге барынша тырысамын", - дейді олипиада спортшысы Екатерина Шабалина.
Еске сала кетейік, Ектарерина Шабалина Париждегі олипиада ойындарында Қазақстанның намысын триатлон спортынан қорғады. Алайда Франциядағы ауа райы спортшыларға кедергі келтіріп, оларға жаттығу жасауға мүмкіндік бермеген. Канадалық триатлоншы Тайлер Миславчук мәреден кейін бірден тікелей эфирде ауырып қалса, ал Қазақстан құрамасының чемпионы Екатерина Шабалина бірінші кезеңнен кейін ауырып, қашықтықтан кетті.