АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. ЕАЭО елдерінде сүт өндірісі артты.
Армениядан басқа Еуразиялық экономикалық одақтың барлық елінде өсім байқалды.
Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында жалпы сүт көлемі 24,1 млн тоннаға дейін артып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,4%-ға өсті, деп атап өтті ЕЭК.
Қазақстанда сүт өндірісі 4,3 пайызға өсіп, 1 миллион 726,8 мың тоннаны құрады.
ЕАЭО-ның басқа елдерінде:
Армения – 332 мың тонна (минус 3,6%);
Беларусь – 4 млн 410,2 мың тонна (плюс 7%);
Қырғызстан – 838,8 мың тонна (плюс 2,7%);
Ресей – 16 млн 825,1 мың тонна (плюс 1,1%).
ЕАЭО-да ауыл шаруашылығы өнімі өндірісі 2%-ға өсті.