Алдағы үш күнде Қазақстанда ауа райы қандай болады

Қазгидромет 8-10 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады
Sputnik
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. 8-10 тамыз аралығында Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп болжайды синоптиктер.
8-9 тамызда батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте 8-10 тамызда, орталықта 9-10 тамызда, шығыста 10 тамызда күн күркіреп, жаңбыр жауады, жел екпіні күшейеді.
Қазақстан бойынша жел күшейеді деп күтілуде.
Республиканың оңтүстігінде күндіз +38+45°С өте қарқынды жылу сақталады, ал республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде температураның біртіндеп +15+22°С дейін төмендеуі күтіледі.